Астанадағы «Биг Шанхай» сауда орталығы өртке оранды

  • 166
  • 18.07.2025, 18:34

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін құтқарушылар 4 сағаттай арпалысқан. Бизнес нысанның аумағы айтарлықтай үлкен. Сондықтан 62 техника мен 165 адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша базарда 265 кәсіпкер жұмыс істеген. Қазір арнайы штаб құрылып, оларға кеңес берілуде.

Айта кетейік, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Оны сол маңдағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері байқап қалып, көмекке барған. Бұл түнгі сағат 3 кезінде болған. Жеке құрам оқиға орнына келгенде қызыл жалын ғимараттың үш бірдей қабатын шарпып үлгеріпті. Мамандар іргелес орналасқан базарды өрттен сақтап қалды. Алайда тілсіз жауды ауыздықтау кезінде 3 бірдей қызметкер жарақат алған.

Бақытжан Мәуленбердиев, ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Түрлі жарақаттар. Қазіргі таңда ауруханада көмек алуда. Өрт кезінде конструкция қиындық тудырды. Арнайы тепловизормен өлшеген кезде жақындағанда 700-800 температуға көтеріліп тұрды. Өздеріңіз ойлаңыздар, өрт кезінде іште қандай температура болғанын. Конструкция «сэндвич панелден» салынған. Оған қарамастан өртсөндірушілер өрт сөндіру жұмыстарын тоқтатқан жоқ.