Перизат Қайрат ісі: сот жабық форматқа ауысты

  • 149
  • 18.07.2025, 18:36

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы жабық форматқа ауысты.

Судья айғақтарды зерттеу үшін БАҚ өкілдеріне арналған трансляцияны өшіріп, сот залынан іс тараптарынан басқа азаматтарды шығару туралы шешім қабылдады. Жалпы бүгінгі отырысқа келуі тиіс 3 жәбірленуші де қатыспады. Олармен байланысу мүмкін болмаған. Сондықтан тергеу барысында азаматтардың берген жауабын мемлекеттік айыптаушы өзі оқыды. Екі азамат «Біз біргеміз» қорына 60 және 231 мың теңге жолдаған. Ал бір кәсіпорын 3 миллион теңге бөліпті.