Алматыда Қытайдан заңсыз тауар тасымалдағандар сотталды

  • 32
  • 21.07.2025, 18:30

Тергеу нәтижесінде олардың 100-ден астам контейнерді елге кеденсіз кіргізгені белгілі болды. Күдіктілер тауарларды жалған құжатпен рәсімдеп, салық пен кедендік төлемдерден жалтарған.

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 10 миллиард теңге. Сотқа дейін 643 миллион теңге бюджетке қайтарылды. Тағы 1,3 миллиард теңгенің тауарына және 300 миллион теңгенің мүлкіне тыйым шектеу қойылды. Сот үкімімен кінәлілер 1 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бір күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.