Түркістан облысында 450 метрлік жанармай тоннелі әшкереленді

  • 42
  • 22.07.2025, 18:39

Түркістан облысында жанармайды шекара асырып өткізетін жасырын тоннель анықталды. Халықаралық қылмыстық топ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта 450 метрлік жерасты жолын қазған. Қылмыстық схема екі ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде жанар-жағармай тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Бұл топ шетелден қаржыландырылып отырған. Екі елдің құқыққорғау органдарының тиімді жұмысының нәтижесінде жерасты жолы жойылды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

-Операция барысында қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлғалалар, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.