Шымкентте 50 шенеунік құмаройын үшін қызметінен айырылуы мүмкін

  • 44
  • 22.07.2025, 18:46

Шымкентте құмар ойынға құныққан жергілікті атқарушы органның 50 қызметкері жұмыстан қуылуы мүмкін. Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар 443 миллион теңгені бәске тіккен. Заңнама талаптарын бұзған қызметкерлердің ресми табысы мен шығыс көзін тексеруге нұсқау берілді. Тәртіптік жаза тағайындау үшін арнайы комиссия құрылып, қаржы айналымының сәйкестігі анықталып жатыр. Жалпы былтырдан бері мемлекеттік қызметшілер құмаройындарға 757 миллион теңге бәс тіккені анықталды. 

Бекжан Құлатаев, Шымкент қаласы прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

- Талдау барысында жалпы жергілікті атқарушы органның 161 қызметкері интернет желісі арқылы «Олимпбет» тотализаторына бәс тігіп, қатысқаны анықталды. Оның ішінде 50 қызметкер заң қолданысқа енгеннен кейін 443 миллион теңге бәс тіккен.