Перизат Қайрат 10 жылға сотталуы мүмкін

  • 48
  • 22.07.2025, 18:44

Перизат Қайраттың мүлкін толық тізіп шығу үшін прокурорға 4 минут қажет болды. Қорыта келе, Перизат Қайратты 10 жылға, ал оның анасы Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ олардың мүлкін тәркілеп, 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды және «Шапағат» мемлекеттік наградасын кері қайтаруды ұсынды. Мемлекеттік айыптаушы оларға «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық», қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру сияқты бірнеше бап бойынша жаза тағайындауды сұрап отыр. Прокурордың сөзінше, Перизат Қайрат пен оның анасы 2021 мен 2024-жылдар аралығында қайырымдылық қорының атын жамылып, 3,5 млрд-тан астам қаражатты жымқырған. «Бұл жай алаяқтық ісі емес, қайырымдылық ұғымдарына жасалған сатқындық», – деді прокурор.