Атырауда аквапарк директоры үйқамаққа алынды

  • 20
  • 21.07.2025, 18:38

Атырау қаласындағы «Palma» бассейнінің директоры үйқамаққа алынды. Бұған дейін осы нысанда 14 бала хлордан уланған еді. Қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салайық, 13 шілде күні бассейнге барған балалар кенет жөтеліп, есінен тана бастаған. Ата-аналар дереу ауруханаға апарған. Кейін балалардың хлордан уланғаны белгілі болды. Ал жуырда ғана ашылған бассейннің рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Берік Жамбай, қалалық прокуратураның бөлім бастығы:

- Бұл дерек бойынша ҚК 306 бабы, 2 бөлігі, 2 тармағымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аквапарк басшысы күдікті ретінде танылып, оған қатысты тергеу сотымен үй қамақ түріндегі бұлтартпау шара қолданды. Өзге де ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға  жатпайды.