«Қарағанды Су» коммуналдық кәсіпорнының екі жұмысшысы қаза тапты

  • 53
  • 23.07.2025, 18:41

«Қарағанды Су» коммуналдық кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз құдығына түсіп мерт болды. Олар сорғыларға жоспарлы тексеру жүргізуге барған. Алдын ала мәліметке сай, күкіртсутек газынан уланған болуы мүмкін. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық және техникалық сараптама тағайындалды. Аталған мекемені қызметтік тексеру басталды. Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетіледі. 

Мәди Әлжан, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары:

-Кәріз құдығына түскен кезде олар есінен танып қалған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері олардың жұмыс орнында қаза тапқанын анықтады. Еңбек кодексіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті арнайы комиссия құрды.