Құлсарыда «Ниет» жанармай құю бекетінің директоры қамалды

  • 56
  • 23.07.2025, 18:36

Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салайық, 30 мамыр күні Құлсары қаласында газ құю бекетінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапқан. 14 адам жарақат алған еді. 

Нұрболат Сұлтанов, Жылыой ауданы прокурорының міндетін атқарушы:

-Аталған дерек бойынша сезікті ретінде мекеме басшысы танылып, оған қатысты сотпен үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.