Маңғыстау облысында мектеп-гимназияның төбесі құлады

  • 53
  • 23.07.2025, 18:42

Маңғыстау облысының Құрық ауылында мектеп-гимназияның төбесі опырылып түсті. Таңғы 6 жарымда болған оқиға кабинетте орнатылған бейнекамераға түсіп алған. 250 шаршы метр аумақ бүлінген. Оқиға кезінде мектепте ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. 1400 бала оқитын білім ошағы 2009 жылы пайдалануға берілген. Арнайы комиссия оқиғаға не себеп болғанын анықтауға кірісті.     

Гүлбану Қызылғұлова, облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Қазіргі таңда арнайы мамандар шақыртылып, тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары басталды. Осы мәселе облыс әкімінің бақылауында тұр. Комиссия құрылып, жұмыстар басталып кетті.