Перизат Қайрат ісі: тараптардың жарыссөзі өтті

  • 56
  • 23.07.2025, 18:47

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтті. Бүгін бірнеше жәбір көруші мен өкілдері сөз алды. Олар айыпталушыға қатаң шара қолдануды сұрады. Сондай-ақ жоғалтқан қаражатты толық өндіруді талап етті. Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, ал Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын естеріңізге сала кетейік. Бұл істе 47 адам жәбірленуші деп танылды. Сот материалдарына сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған. Тексеріс кезінде Перизаттан 4 қымбат көлік, 1 коттедж, 4 пәтер, сондай-ақ танымал әлемдік брендтердің киімі, зергерлік бұйымдар мен сөмкелер тәркіленген.