«Алматы Газ Сервис Холдинг» қызметкерлері халық қаржысын жымқырған

  • 114
  • 24.07.2025, 18:48

Алматы облысында газ тасымалдаумен айналысатын компания қызметкерлері тұтынушылардың 168 млн теңгесін жымқырған. Қаржылық мониторинг агенттігі «Алматы Газ Сервис Холдинг» акционерлік қоғамына қатысты іс бойынша тергеуді толық аяқтады. Компания директоры мен оның орынбасары және бірнеше қызметкер тұтынушылардан түскен қолма-қол қаржыны өз пайдасына жаратып, төлем туралы ақпаратты «SymphonyGAS» мобильді қосымшасында жасырып келген. 

Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:

-Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне, тұрғын үй, пәтер және автокөліктеріне тыйым салынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.