Астана қаласында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрғын үй кешенінің ауласында интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан 28 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 6 келіден асатын есірткі тәркіленді. Тергеу барысында ұсталған азаматтың онлайн оператордан тапсырма алып, есірткіні буып-түйіп, таратып, жалақысын криптовалюта арқылы алып жүргені анықталды. Ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қалалық полиция департаменті есірткіге қатысты кез келген әрекет қылмыстық жауапкершілікпен аяқталатынын ескертеді.