Ғаламтор кеңістігінде алаяқтардың арбауына енді балалар түсіруде. Қарағанды облысында ойын қосымшасын ұсынып оның жаңа нұсқасына ақша талап еткен алаяққа алданған жеткіншек 1 миллионнан астам теңгені аударып жіберген. Парламентаризм институтында өткен дөңгелек үстелде ғаламтор кеңістігіндегі келеңсіздіктерден кәмелетке толмағандарды қорғау мәселесі талқыланды. Айталық балалардың 46% 5-8 жасқа дейін интернетке қосылса, тағы үштен бірі 12 жасқа дейін желі қолдана бастайды. Әрбір бесінші бала ғаламторда кибербуллингке ұшыраса, 10% ересек бейтаныс адамдармен байланыс орнатқан. Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлейменнің айтуынша, цифрлық қауіпсіздік бұл тек IT саласына қатысты мәселе емес, бұл балалықты қорғауға бағытталған ұлттық стратегияның маңызды бөлігі. Ол заңнаманы жетілдіру аясында отбасы, мектеп, мемлекет және баланың арасында цифрлық игіліктерді қолданушы ретінде диалог орнауы тиіс.
Аслан Өскенбаев, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
- Алаяқтар біздің балаларды алдайды. Персонаждарын жетілдіру үшін, олардың күшін көбейту үшін сол себепті балалар келесі турға өту үшін өзін мықты жасаймын дейді де алаяқтарға ұрынып отыр. Ең көп сумма 10 мыңнан бастап ең көп Қарғанды облысында тіркелген 1 млн 250 мың бізде. Оған алаяқ айтқан ата-анаңның телефонын қара қандай шоттар бар екенін. Бала диктовка бойынша шотқа ақша аударып жіберген.