Қала ішіндегі қуғын. Түнде Ақтауда жүк көлігінің жүргізушісі полициядан құтылып кетпек болды. Тәртіп сақшылары мас жүргізушіні қуып жүріп ұстаған. Жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген 35 жастағы ер азаматқа 10 әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Сержан Түйешиев, қалалық ПБ Патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы:
-Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамады. Сол себепті көлікті бізге мәжбүрлі түрде тоқтату керек болды. 15 жылдан артық жұмыс барысында өзім атқарып келген, ондай оқиға кездесіп көрген жоқ. Қазіргі таңда ол масаң күйі таралып, өзінің жасаған іс-әрекетіне өкініп отыр.