Астанада миллиардтық айналымы бар жеңгетайлық топ әшкереленді

  • 37
  • 28.07.2025, 18:41

Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында айналымы миллиард теңгеден асатын жеңгетайлар бар десе сенесіз бе?

Еліміздің Ішкі істер министрлігінде хабарлағандай, полиция мен прокуратура адам саудасы, жезөкшелікті ұйымдастырумен байланысты қылмыстық топты әшкереледі. Ұсталғандар ғаламтор ресурстарын заңсыз әрекеттердің жарнамасына пайдаланып келген. Әр топ тәулігіне 1,5 млн, ал өткен жылдың алғашқы айларында ғана 1,7 млрдтан астам теңге сомасында заңсыз пайда тапқан. Қылмыстық топ серкелері ұсталып қамауға алынды.   

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:

- Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында ақша, банк карталары, авткөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК адам саудасымен ҰҚТ құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.