Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты сот ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
Еске сала кетейік, осы жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының маңында Руслан Берденовке бірнеше рет оқ атылып, ол ауыр хәлде ауруханаға түскен еді. Айыпталушы орнында қала тұрғыны Ернар Жиенбай жазаға тартылып жатыр. Оған «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу» мен «Адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылуда. Бұл іс бойынша басты сот отырысы 6 тамызға белгіленген.