Салдарынан 60 тан аса адам жарақат алып, 1 жүргізуші көз жұмды. Олардың 30-ға жуығы кәмелет жасына толмаған балалар. «Қазір полицейлер күнделікті бақылауды күшейтіп, апта сайын рейд ұйымдастыруда. Скутер тізгіндеген жастардың басым көпшілігінде жүргізуші куәлігі жоқ, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тізгіндейді»,– дейді тәртіп сақшылары. Құқыққорғаушылар тоқтатқан жағдайда қаша жөнелетіндері де бар. Осындай тексерістен соң 200-ден аса мопед айыптұрағына қойылған.
Рүстем Алтаев, қалалық ПБ Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:
-Үш күннің ішінде 59 скутер айыптұраққа қойылды. Оның ішінде 72 азаматқа әкімшілік-құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды. 608-ші бап бойынша жазаға тартылғандар бар. Яғни скутер жүргізу барысында алкагольдық ішімдік ішіп алып айдағандар бар.