Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында қарулы қақтығыс болып, 4 адам ауруханаға түсті. Оқиға кеше кешкі сағат 21:30-да болған. Қазір 19, 22, 26 және 28 жастағы жарақат алған ауыл тұрғындары аудандық ауруханада жатыр. Оларға операция жасалды. Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Рәзеңке оқ оның басына, кеуде қуысы мен білегіне тиіп, жамбас тұсының бірнеше жерін тескен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, 26 және 28 жастағы 2 күдіктіге іздеу жарияланды. Оқ жаудырғандар алматылық күдіктілер оқиға орнынан жол талғамайтын көлігімен қашып кеткен.
Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі:
-Күдіктілердің жеке бастары анықталды, оларды ұстау бойынша жедел іздестіру іс шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.