Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Оқыс жағдай түс кезінде болды. Абырой болғанда, жедел жәрдем оқиға орнына тез жеткен. Адам шығыны жоқ. Дегенмен екі баланың жағдайы ауыр. Қазір олар облыстық балалар ауруханасында ем алуда. Ал әйелдің өзі қалалық №1 ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның да жағдайын ауыр деп отыр. Облыстық бала құқығы жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенованың сөзінше, зардап шеккен балалар 1,5 және 5 жаста. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.