Алматыда 14-қабаттан секірген бойжеткен хат қалдырып кеткен.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Соңғы жазбасында мұндай қадамға баруына отбасылық жағдай себеп болғанын баяндаған», - дейді тәртіп сақшылары.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, марқұм Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде оқыған. Алайда универиситет әкімшілігі студенттің оқу үлгеріміне қатысты мәлімет беруден бас тартты. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
- Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның толық мән-жайлары анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 2-курс студенті әкімшілік ғимараттың 14 қабатынан секіріп түсіп, өкінішке қарай оқиға болған жерде жантәсілім етті.