Көлік вице-министрі «пара алды» деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Жедел түсірілімдегі кадрларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары шенеуніктің үйінен ірі көлемдегі ақшаның тапқанын көрсетеді. Сондай-ақ оның жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілгені байқалады. Қазір вице-министр сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.