Жоғалған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

  • 83
  • 31.07.2025, 18:36

Сорбұлақ су қоймасының ауданы жіті тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты. 

Еске салсақ, 25 шілдеде Алматы облысында қарулы күштердің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен. 26 шілдеде құтқарушылар оның бірқатар бөлшегін тапты. Алайда тіұшақтың өзі қайда екені әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазір оларды іздестіру-құтқару операциясы тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. 

Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Алматы қаласынан біздің 2 тікұшақ Қарулы Күштермен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бірақ басында қай жақтан ұшты, қай жаққа бара жатты, маршрутын білмеген соң әрине, іздеу зонасы үлкен болды. Қазіргі кезде ешқандай бағдарлар жоқ. Бірақ 1-2 күннің ішінде табады деп сенеміз. Таң атқаннан күн батқанға дейін тоқтамай іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.