Павлодар қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты. Ұйым көпшілікке инновациялық технологияларды жарнамалайтын АҚШ платформасы ретінде таныстырылған. Ал жоба қатысушыларына криптаволюта сатып алу ұсынылып, бес салымшыны тарту басты шарттардың бірі ретінде көрсетілген. Талап орындалға жағдайда бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігі беріліпті.
Құрғақ уәде мен бос сөзге сенген 80-нен астам азамат 30 бен 500 АҚШ доллары аралығында инвестиция салған. Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 59 миллион теңгеден асады. Күдіктілер салымшылардың қаражатына қаладан пәтер сатып алып, банктен төрт дипозит ашқан.
Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 1 жыл 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі азаматтық іс жүргізу шеңберінде қаралатын болады.