Бұл іс бойынша төрт адам қамауға алынған. Күдіктілер тендерде рейтингтерін көтеру мақсатында жалған мәліметтерді пайдаланған. Болжамы бойынша заңсыз әрекеттердің нәтижесінде құны 70 млрд теңге болатын келісімшарттар жасалған.
Қылмыстық топ заңсыз схема арқылы 664 млн теңге табыс тауыпты. Бұл қаражатқа 11 автокөлік 5 тұрғын үй мен 7 жер учаскесі сатып алынған. Тергеу барысында олардың 2021-2024 жылдары жұмыс жасағаны белгілі болыпты.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:- Мұндай қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.Тергеу амалдары жалғасуда.