Маңғыстау облысында қаржы жымқырған есепші сотталды

  • 11
  • 04.08.2025, 18:33

Маңғыстау техникалық колледжінің бас есепшісі 243 млн теңге жымқырған.

Прокуратураның мәліметінше, күдікті мемлекеттен шәкіртақы, оқытушылардың қызметтік іссапарлары мен салық төлемдеріне бөлінген ақшаны жеке есепшотына заңсыз аударып келген.

Қылмыстық іс аудандық сотта қаралды. Сот үкімімен экс-бухгалтер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 10 жыл есепшілік қызметпен айналысуға тыйым салынды.