Қызылордада аурухана ақшасын жымқырғандарға сот үкімі шықты

  • 13
  • 04.08.2025, 18:35

Қызылорда қаласында ірі көлемде қаржы жымқырған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бұрынғы бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты.

Ол жұбайы және інісімен бірге ауруханаға медициналық керуеттерді сатып алу кезінде мемлекетке 157 миллион теңгеден астам залал келтірген. Тергеу барысында тараптар кінәні мойындап, процестік келісімге келген. Сотта келтірілген залалдың толық өтелгені және айыпталушылардың шын өкінгені ескерілді.

Үшеуіне де алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты бұл мерзім 4 жылға қысқартылып, шартты жаза белгіленді.