Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылында қатты жауған жаңбырдан кейін аулалар мен үйлерді су басты. 48 аула, 8 тұрғын үйге су кірді.
«Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Жауапты мекемелер шұғыл түрде су сору жұмыстарын жүргізіп, жағдайды қалыпқа келтірді.
Қазгидрометтің дерегінше, Сарыөзек ауылына жауған жаңбыр тәуліктік нормадан 60% артық.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына күштер мен құралдар жіберілді. Негізгі жұмыстар суды сору және келтірілетін залалды болдырмау бағытында жүргізілді.