Бес жылда 99 қаржы пирамидасының жолы кесілді

  • 11
  • 05.08.2025, 18:41

Соңғы бес жылда 99 қаржы пирамидасының жолы кесілген. Олардың арбауына түскен жұрт жалпы көлемі 37 млрд теңгесін салып жіберген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мыңдаған қазақстандық қылмыстық жүйенің құрбаны болған. Дені - зейнеткерлер мен жастар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер. Мамандардың айтуынша, күмәнді ұйымдар халыққа өздерін бизнес-жоба ретінде таныстыратын көрінеді. «Десе де негізгі белгілері: оңай әрі тез байып кетуге уәде беру, қатарға адам тарту және әлеуметтік желідегі жалт-жұлт еткен жарнамамен арбау»,– дейді агенттік өкілдері. 

Андрей Давыдов, ҚР ҚМА департамент басшысының орынбасары:

-Біз қаржы пирамидаларының құрығына іліккен азаматтарды жас ерекшеліктері, әлеуметтік санатына қарай топтастырамыз. Кейін оларға қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс өткіземіз. Биыл біз жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жыл басынан бері 2 мыңнан астам мектеп мен лагерьде оқыту курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ мың жарым оқу орны мен ондағы 800 мыңнан астам студент қамтылды.