Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматы облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

  • 807
  • 06.08.2025, 18:40

Алматы облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Заңсыз арнаны шетел азаматтары ұйымдастырғаны анықталды. Қаскөйлер Қазақстан Республикасының аумағына шетел азаматтарын заңсыз кіргізу, транзитпен өткізу және заңдастырумен айналысқан. Топ мүшелері бұл «қызметтері» үшін әрбір мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.