Баспасөз мәслихатында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты тергеу барысы туралыда сұрақ көтерілді. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың сөзінше жыл соңына дейін апатың себебі анықталады.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңынада апатқа ұшыраған болатын. Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі әуе кемесінің бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Соның тек жартысына жуығы аман қалды
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Борттың қалай апатқа ұшырағаны туралы мәселені саясиландырмау қажет. Бұл сұраққа техникалық сараптама жауап беруі керек. Көлік министрлігі барынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Жабдықтың бір бөлігі әлі күнге шетелдік сараптамада. Оның қорытындысы жақында шығады. Талдау сатысы аяқталуға жақын. Біраз шыдамдылық танытсақ, бірнеше айда соңғы есепке қолымыз жетеді.