Алматы облысында жоғалған тікұшақ 13 күннен бері әлі табылған жоқ

  • 17
  • 07.08.2025, 18:39

Алматы облысында шамамен 2 апта бұрын жоғалған әскери тікұшақ әлі табылған жоқ. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын Сорбұлақ су қоймасы аумағында жүргізуде.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың сөзінше, аумақтың 50 пайызы тексерілді. Алайда судағы лай іздестіру жұмыстарын біршама қиындатуда.

Еске сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштердің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Сорбұлақ су қоймасына жақын маңайдан тікұшақ бөлшектері табылды. Ал Қазғарыш суреттерінен сол аумақта жанар-жағармайдың іздері көрінді.

Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- «Морской металлоискатель» бар, сонымен қарап жатырмыз. 50 процентін қарадық. Судың тереңдігі 5 метрден 25 метрге дейін. Асты батпақ. 1 метр жерден су көрінбейді. Өйткені лай. Метр-метрмен асықпай, соның бәрін тексеріп жатырмыз.