Алматы облысында жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген 36 жастағы тұрғын ұсталды. Тексеру барысында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сондай-ақ марихуана тұқымдары салынған 58 шағын ыдыс табылды.
Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 49 келіден асқан. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол «Қарасора-2025» іс-шарасы аясында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері қызметкерлерінің бірлесе жүргізген арнайы операция кезінде ұсталған.