Шымкентте есірткі жарнамалаған 1200 интернет-ресурс бұғатталды

  • 12
  • 19.08.2025, 18:37

Шымкентте кибереріктілердің көмегімен есірткі заттары жарнамаланған 1200-ден астам интернет-ресурсы бұғатталды. Мониторинг нәтижесінде заңсыз насихат жүргізгендер тауарды сақтау және сату бабы бойынша күдікке ілініп, іздеу жарияланды. Полиция департаментінің мәліметінше, биыл «Есірткісіз қала» жобасына қатысушы ерікті жастарды көбейту көзделіп отыр. Олар синтетикалық және психотроптық заттардың таралуын алдын алуға жұмылдырылады. Арнайы оқудан өткізіліп, сертификат беріледі. Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысына қатысты 200-ден астам дерек тіркеліп, заңсыз айналымнан 100 келі тауар тәркіленді.