Павлодарда аса ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

  • 13
  • 19.08.2025, 18:43

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Кенжекөл ауылында өткізілген арнайы операция барысында өсімдік тектес зат салынған 5 вакуумды орама, электронды таразы және вакуумдық орау құрылғысы тәркіленген. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, 10 миллион теңгеден астам қаржы, 19 мың АҚШ доллары, ұялы телефон, ноутбук және егуге арналған өсімдік тұқымы тәркіленіп, айғақ зат ретінде алынған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Михаил Пьянзин, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

-Сараптама нәтижесіне сәйкес анықталған заттың кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және сату мақсатында тасымалдау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.