Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын қолды қылған

  • 359
  • 20.08.2025, 18:33

Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын қолды қылып, бір бөлігін құмаройындарға жұмсаған. Келтірген залал көлемі 300 млн теңгеден асады. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Күдіктінің екі жыл бойы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқарып, субсидияларды заңсыз түрде алып отырған. Ал шығындарын растау үшін ол осы уақытқа дейін жалған құжат ұсынып келген. Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті үй қамаққа алынды. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

-Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмаройындарға жұмсалған. Сот санкциясымен құны 483 млн теңге болатын зауытқа тыйым салынды.