Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды. Оған «қылмыс жасауға оқталу» және «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» баптарымен айып тағылған еді. Сотталушының кінәсі куәгерлердің жауабымен және заттай айғақтармен толық дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде жасөспірім балаларының бар екені ескерілді. Жиембай кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетсек, сәуір айында Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының алдында қастандық жасалып, ауыр жарақат алды. Оған бірнеше рет операция жасалды. Айтуынша, жарақатынан әлі толық айықпаған.
Әбинұр Қарабаев, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
-Жиенбай Ернар Жиенбайұлы ҚК 24-баптың 3-бөлігі арқылы, 99-баптың 1-бөлігіне қарастырылған құқықбұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тағайындалған жазаны Жиенбай қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін.