Алматыда 32 млн теңгенің қолды болуы алдын алынды

  • 191
  • 21.08.2025, 18:41

Алматылық полицейлер 32 миллион теңгенің қолды болуына жол бермеді. «Киберпол» қызметкерлері жедел іс-шара кезінде күдік тудырған ер адамды тоқтатқан. Тексеру барысында оның сөмкесінен 27 миллион теңге шықты. Кейін белгілі болғандай, ол дроппер, яғни қылмыскерлердің «қолшоқпары» – ақшаны шешіп беруші екен.

Алматылық әйелге алаяқтар телефон соғып, алдап-арбаған. Сөйтіп қолдағы барын әлгі ер адамға берген, үстіне тағы 4 миллионды онлайн аударып үлгерген. Абырой болғанда, полиция мен банктің жедел әрекетінің арқасында қаржы иесіне қайтарылды.