Қазақстан Орталық Азия елдерімен цифрландырудағы тәжірибесімен бөліседі

  • 37
  • 25.08.2025, 18:39

Қазақстан цифрландыру саласындағы тәжірибесін Орталық Азия елдерімен бөліседі. Астанаға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан мемлекеттік қызметшілер келді. Олар «Достық-цифрландыру» бағдарламасы аясында үш күн бойы арнайы семинарға қатысады.

Оқыту бағдарламасына жасанды интеллект, электронды үкімет, мемлекеттік басқару реформалары бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өтеді. Семинарға Оңтүстік Кореядан келген профессорлар мен жетекші сарапшылар да тартылған.

Арманай Қабдешева, ҚР СІМ жанындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ресми өкілі: 

- Қазақстан қазіргі күнде Орталық Азиядағы инновациялар бойынша лидерлі позицияда тұр және біз өзіміздің білімімізбен Орталық Азия елдерімен бөлісуге әрдайым мәзбіз.

Татьяна Сиябра, Қырғыз Республикасының Цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрлігінің өкілі:

- Бүгінгі семинар Қазақстанмен қатар Оңтүстік Кореяның тәжірибесін тыңдап, бұл саланы Қырғызстанда ілгерілетуге әсерін береді деген үміттеміз. Бізге, әсіресе мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағыты қызық.