Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам жарақат алды. Көлік апаты Қабанбай батыр даңғылында болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер көпбейінді стационарларға және «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру» орталығына жеткізілген. Науқастардың бір бөлігі үйде ем-дом алуға жіберілсе, қалғандары медициналық тексеруден өтіп жатыр. Жолаушылардың басым бөлігі жеңіл жарақатпен түскен.
Нұржан Орқашбаев, хирург:
- Зардап шеккендердің арасында Қытай азаматтары да бар. Торакалды хирургия бөлімшесіне 2 науқас жеткізілді. Бірінің кеудесі, ал бірінің қабырғасы бірнеше жерден сынған. Қазір олар ауруханада қаралып жатыр. Ал қалған науқастарды амбулаториялық емге жібердік.