Үржардағы апат: көлік жүргізу құқығынан айырылды

  • 13
  • 25.08.2025, 18:33

Бестерек ауылында алаңсыз ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің «эпилепсия» диагнозы болғаны расталды. Осыған байланысты ол көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Үржар аудандық сотының төрағасы хабарлады.

Естеріңізге салайық, 19 тамыз күні Үржар ауданындағы Бестерек ауылында автокөлік 6 баланы қағып кеткен болатын. Үш бала қайтыс болып, үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Екі бала астаналық дәрігерлердің қарауында. Ал бірнеше күн бұрын санитарлық авиация бортымен Семейге жеткізілген 9 жасар Айзере әлі өмір үшін күресіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы әлі де ауыр.

Шынар Оспанова, Үржар аудандық сотының төрағасы:

- Үржар аудандық сотымен бүгінгі күнде Аңсабаевқа қатысты заң шеңберінде қаралып, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды. Ол кісінің G 40.3 – «эпилепсия» синдромы деген диагнозы бар. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады.