Ілияс Храпунов кінәлі деп танылды

  • 76
  • 27.08.2025, 18:33

АҚШ соты Ілияс Храпуновты кінәлі деп таныды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, Нью-Йорктегі сот Алматы қаласы мен «БТА Банк»-тің пайдасына шешім шығарды. Храпунов сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп танылды. Федералдық судья оның  бұрынғы сот шешімін орындамағанын анықтаған. Енді Ілияс Храпунов қаржылық жағдайы мен әрекеттері жайлы толық мәлімет беруге міндетті. Талап орындалмаса, оған қосымша санкциялар қолданылады. Сонымен қатар ол Алматы қаласы мен БТА Банкке сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығындарды өтеуі тиіс.