Жетісу облысында балық өнімдері Еуропаға заңсыз тасымалданған

  • 21
  • 28.08.2025, 18:35

Келтірілген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Тексеру кезінде балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, солар арқылы өнімді шетелге заңсыз экспорттағаны анықталды. Бұл компанияларда бекітілген су қоймалары да, квота да, экспортқа рұқсат та болмаған. Мәселен, квотасы 270 тонна болып бекітілген серіктестік іс жүзінде 4 мың 900 тоннадан астам балық экспорттаған. Оның 2 мың тоннасы еншілес компаниялар арқылы өткен. 

Қазір аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.