Арқалықта 7 мың тонна отқа төзімді сазбалшықты заңсыз өндіріп сатқандар ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – бұл жай азаматтық-құқықтық дау емес, бұл Қазақстан халқына тиесілі табиғи ресурстарды ұрлау. Агенттік А.Нұрғазинді қолдауға бағытталған әлеуметтік желілердегі ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп бағалайды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- ЖШС директорынан адвокаттың қатысуымен жауап алынды. Оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.