Үржардағы жол апаты: екі бала үйіне шығарылды

  • 9
  • 04.09.2025, 19:41

Үржар ауданы Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан кейін санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген екі бала үйлеріне шығарылды. Бұл туралы Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың жағдайы тұрақты, тәбеттері жақсы. Оларды оңалту үшін қажетті ем жалғасады. Ал жағдайының ауырлығына байланысты тағы бір қыз 23 тамыз күні санавиациямен Семей қаласына жеткізілген. 9 жастағы Әйзеренің жағдайы әлі өте ауыр. Науқас комада жатыр. Айта кетейік, 19 тамыз күні Бестерек ауылында көлік 6 баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан үш бала қайтыс болған еді.