Күдікті қылмыстық әрекетін жасыру үшін танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланған. Ол есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» арқылы жасөспірімнің атына рәсімдеген. Жеке тінту кезінде күдіктіден 1,3 келі каннабис WAX тәркіленді. Тергеу барысында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны анықталды. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
- ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.