Оған «Маслозавод №1» тауар таңбасы заңсыз бейнеленген. Оның құны 6 миллион 700 мың теңгені құрады. Барлық өнім сот шешімімен жойылды.
Айта кетейік, қалада ағымдағы жылдың 8 айында 36 мыңнан аса қолдан жасалған өнім айналымнан шығарылған. Ол бойынша 23 әкімшілік іс қозғалып, кінәлілерге айыппұл салынған. «Бұл заңбұзушылыққа қарсы күрестің нәтижесі», - дейді мамандар.
Нұрлан Серік, қалалық Әділет департаменті филиалының жетекшісі:
- Тиісті хаттама толтырылып, Шымкент қаласының әкімшілігіне жолданды. 30 сәуір 2025 жылғы қаулысымен сату бойынша кінәлі деп танылғандарға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 158-бабына сәйкес 78 640 теңге айыппұл салынды. Заңсыз тауар соттың қаулысымен жойылуға жатады.