Ол «Damu Bala» платформасына бөлінген 23 млн теңгені жымқырған. Тергеу барысында мектеп басшысы үйірмелерге қатыспаған балалардың атынан жалған есептер тапсырғаны анықталды. Тіпті кейбірі бағдарламаға тіркелгенін білмеген. Қазір мемлекетке келген шығын толық өтелді.
Салтанат Кушербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.