Қарағанды облысында дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

  • 7
  • 15.09.2025, 19:44

Қарағанды облысында жүк пойызының цистернасынан дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олар бұған дейін де ұрлап келгендігі анықталды. Жедел-іздестіру операциясы кезінде 17 күдікті қолға түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тінту барысында шамамен 500 литр дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған ыдыстар тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық топ мүшелерінен есірткі заттары мен 2017 жылы Ресейде жоғалған қару, оқ-дәрі және 7 ұялы телефон табылды.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

-Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы дизель отынының ұрлығына қатысты 28 дерек құжатталды. Полиция бөліміне осы іске қатысы бар деген күдікпен 17 адам жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.