Ақтөбе облысында жүзден астам киік қырылды

  • 8
  • 15.09.2025, 19:45

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жүзден астам киік қырылды. Мамандардың айтуынша түз тағысы қысқы жайылымға көшу үшін «Ырғыз–Торғай» резерватынан оңтүстікке бет алған. Қайрақты өзенінен өтетін өткелде жануарлар бірін-бірі таптап кеткенге ұқсайды. Оқиға орнынан 60 теке мен 48 аналық киіктің өлексесі табылды. Қазір ветеринар дәрігерлер мен экологтар жағдайды анықтауға кірісті. Қырылған жануарлардың ұшасы судан шығарылып, жойылды.

Әділгерей Әуелбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

-10 мың бас киік сол жерден өткен. Өткен кезде қазір судың азаюына байланысты сондай өткелдерде, қарасуларда, үлкен терең суларда су қалып қояды. Содан су ішуге келгенде екінші жақ басы қамыс үлкен жар сонан өте алмай қалған. Негізгі біздің нақты тұжырым сондай.